Жаңалықтар

«Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам аясында сот жүйесін реформалау» тақырыбында дөңгелек үстел

Опубликовано 28.04.2017.

26 сәуір 2017 жылы Семей қаласының судьялары Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің оқытушылары мен студенттер құрамымен  дөңгелек үстел басында кездесу ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге Новосибирск мемлекеттік техникалық университетінің заңгер ғалымдары- заң факультетінің деканы С.А. Поляков, қылмыстық құқық және процесс кафедрасының аға оқытушылары О.А. Исаева; Н.К.Коровин; С.И.Шулгин қатысты.

Аталған шара Ұлт Жоспарында белгіленген сот жүйесін реформалау аясында сұрақтарды талдау нысанында өтті. Дөңгелек үстелдің модераторы оқу бағдарламасының үйлестірушісі Семей қалалық сотының судьясы Қ.З.Сапинова.

Қатысушылардың алдында маңызды баяндамаларымен Семей қаласы бойынша мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы А.Т.Молдағожина, Семей қаласының № 2 сотының судьясы Ж.Т.Абенова, қылмыстық-құқық пәндер кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, ҚазИГЗУнің профессоры Е.К.Утебаев, азаматтық-құқық пәндер кафедрасының меңгерушісі,  заң ғылымдарының кандидаты Ф.Г.Ибрагимова мазмұнды баяндама жасады.

Пікірталас барысында маңызды да өзекті тақырыптар, оның ішінде сот реформалары және азаматтық, қылмыстық заңнаманың жаңалықтары түсіндірілді.