ЖаңалықтарЖұмысқа орналастыру

«Жоғарғы оқу орындар мен жұмыс берушілер. Табыс үшін серіктестік»

Опубликовано 28.04.2017.

Сәуірдің 28 жұлдызында 2017 жылы КазГЮИУ заң факультетінде «Жоғарғы оқу орындар мен жұмыс берушілер. Табыс үшін серіктестік» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел өткізу барысында қазіргі кездегі түлектердің жұмысқа орналасудағы өзекті сұрақтар қарастырылып талқыланды.

Оның ішінде түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудағы жоғары оқу орындар мен жұмыс берушілер серіктестігінің рөлі, заң факультетінің түлегі заманауи  уақытта қандай болу керек екен туралы, жоғары оқу орындар мен жұмыс берушілердің тиімді серіктестігінің мәселелері, пікірлер мен ұсыныстары қызу талқыға түсті.

Дөңгелек үстелге құқық қорғау органдары қызметкерлері, қалалық сот және прокуратура өкілдері, жеке сот орындаушылар, нотариустар, Әділет басқармасының басшысы, Кәсіпкерлер ұлттық палатасының Семей филиалының басшысы және т.б. қатысты.