Жаңалықтар

КазГЮИУ-дың академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Опубликовано 03.05.2017.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Климент Охридски» атындағы София университетінде семестрлік оқуға шығуға арналған сайыс өз мәресіне жетті. Сайысқа 5В011900 «Шет.тілі: екі шет.тілі» мамандығының 23 студенті белсенді қатысты.

Сайыстың I және II кезеңдері бойынша 82 балл жинаған Г-219 топ студенті Мейрамгазинова Аида, 82 балл  жинаған Г-220 топ студенті Босшалова Мадина, 81 балл жинаған Г-219 топ студенті Ерболатова Аида, 79 балл жинаған Г-119 топ студенті Дубаева Аиданы жеңістерімен құттықтаймыз!

Іріктеу кезеңі келесі көрсеткіштер бойынша өткізілді:

  1. Орташа оқу үлгерімі;
  2. Студенттің ғылыми жетістіктері;
  3. Ағылшын тілі деңгейі.

Қатысушылардың барлығына ризашылығымызды білдіреміз!