Жаңалықтар

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Опубликовано 05.05.2017.

2016-2017 оқу жылының 2 және 3 курс студенттері назарына!

Білім және ғылым Министрінің «Жоғарғы оқу орындарындары ара-сында 2017 жылға Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысын бөлу туралы» 2017 ж. 14 наурыздағы № 116 бұйрығына сәйкес Қазақ ин-новациялық гуманитарлық-заң университетіне ҚР Президенті тағайындаған 3 шәкіртақы бөлінді.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен шәкіртақыны тағайындау конкурсы 2016-2017 оқу жылының жаздық емтихан сессиясының нәтижелері бойынша жарияланады.

Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен шәкіртақыны тағай-ындау ережелеріне сәйкес конкурсқа күндізгі оқу нысанынды тек «үздік» (А, А-) оқитын 3 курс және 4 курс студенттері қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін жаздық емтихан сессиясы аяқталғаннан кейін 2017 ж 1 маусымына дейін деканатқа төмендегідей құжаттарды тапсыру қажет:

  • Транскрипт (2016-2017 о.ж. жазғы емтихан қорытындысын қоса есептегенде)
  • халықаралық және республикалық олимпиада, шығармашылық конкурстар, спорт сайыстары, фестивальдар жеңімпаздары диплом-дары немесе ашқан жаңалықтарына авторлығын, өнертапқыш-тығын растайтын құжаттар;
  • халықаралық және республикалық ғылыми журналдарда жарияланған ғылыми еңбектерінің көшірмесі;
  • ғылыми- зерттеу қызметіндегі жетістіктерді растайтын дипломдар, мақтау қағаздары, сертификаттар көшірмесі;
  • университеттің қоғамдық және спорттық өміріне белсенді қатысқандығын растайтын дипломдар, мақтау қағаздары, сертификаттар.