ЖаңалықтарКазГЮИУ бизнес инкубаторы

ENACTUS Кazakhstan National Expo 2017 студенттік кәсіпкерлік, стартап және инновациялардың Ұлттық кубогы

Опубликовано 11.05.2017.

Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті командасы 2017 жылғы 28 сәуірде Алматы қаласында өткен ENACTUS Кazakhstan National Expo 2017 студенттік кәсіпкерлік, стартап және инновация Ұлттық кубогының жеңімпазы атанды. «КазГЮИУ студенттік бизнес инкубаторы» мүшелері ENACTUS КазГЮИУ командасы Шығыс Қазақстан облысының ауылдарында жұмыссыздық проблемаларын шешу, тұрғылықты жері жоқ адамдарды фермаларға жұмысқа орналастыру, Семей қаласының жасөспірімдеріне арналған «ерлік мектебі» және «төтенше жағдайларда аман қалу мектебі» жобаларымен таныстырып, барша көрерменнің, төрешілердің көңілінен шықты. Enactus КазГЮИУ командасы 2017 жылы 26-28 қыркүйекте Лондон қаласында өтетін ENACTUS World Cup 2017 әлем кубогында Қазақстан намысын қорғау құқығына ие болды.

ENACTUS-тың негізгі идеясы болашақ бизнес көшбасшыларын дайындау болып табылады. ENACTUS бағдарламасы арқылы ЖОО – студенттері әлеуметтік-бағдарланған компаниялардың жұмысын құру, өз бизнес-идеяларын жүзеге асыруға үйренеді.

Әрбір команданың бизнес идеясы әлеуметтік бағыт алуға тиіс және БҰҰ-ның тұрақты даму 17 мақсатының бірін шешуге тиіс.