Жаңалықтар

Мектеп – ЖОО – әлеумет: білім берудің сапасы және жұмысқа орналасу мәселелері

Опубликовано 11.05.2017.

2017 жыл 5 мамыр күні Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «Мектеп – ЖОО – әлеумет: білім берудің сапасы және жұмысқа орналасу мәселелері» атты тақырыпта семинар- дөңгелек үстел болып өтті. Бұл аталған шараны гуманитарлық факультет ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел барысында көптеген ауқымды мәселелер көтерілді: – ҚР кәсіби білім берудегі тәжірибелік бағыттар; – жоғары оқу орны түлектерінің тұлғалық, әлеуметтік, комуникативтік құзіреттілігі; -жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған білім беру траекторияларының, элективті курстардың құрылымдары; -білім берудегі ынтымақтастық білім беру мекемесі мен еңбек нарығы субъектілері қарым-қатынасының ерекше түрі т.б.

Дөңгелек үстелге қатысушылар – қалалық колледж, мектеп, гимназия, лицей, мектепке дейінгі мекемелерінің өкілдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламамен жұмыс істейтін әлеуметтік мекемелердің өкілдері және жоғары оқу орнының оқытушылары. Олар бүгінгі нарық талаптарына жауап бере алатын жоғары білікті мамандарды сапалы дайындаудың ғылыми дамуын және тәжірибесін ескере отырып,  білім беру қызметін жандандыру, стратегиялық дамуын ұйымдастыру, механизмдерін жүзеге асыру аса қажет деп шешті. Оқу және педагогикалық іс-тәжірибелер барлық оқу жылында бір ғана таңдап алынған мектепте өткізілсе студенттердің мектепке бейімделуі, әсіресе олардың жаңа білім беру технологиясын меңгеруіне, тәрбие мәселесіне т.б. жағдайларға көп әсер етеді деп шешті.