Жаңалықтар

Новосібір қаласындағы тағылымдама мен оқу тәжірибесі

Опубликовано 11.05.2017.

2017 жылдың 24 мен 28 сәуір аралығында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 5В050600 “Экономика”, 5В051000 “Мемлекеттік және жергілікті басқару” мамандықтарының студенттері Новосібір мемлекеттік аграрлық–құрылыс университетінің «Экономика, менеджмент және гуманитарлық білім беру» факультетінде оқу тәжірибесінен өтті (СИБСТРИН), Новосибирск қаласы. Сапар НМАҚУ және ҚазИГЗУ арасындағы оқытушылар мен студенттердің халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасын көздейтін, ынтымақтастық туралы шарт аясында өтті.

Тағылымдамаға «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Әубәкіров Фазылдың басшылығымен 2-3 курс студенттері жіберілді. Алғашқы күні университетте ЭМГББ басшылығымен кездесу өтті..

Студенттер оқу тәжірибесі мен тағылымдама барысында қаланың  ірі бизнес-алаңдарында болып қайтты. Тағылымдама бағдарламасы “Сбербанк России” ХҚО-ның стратегиялық сессиясын, “Стрижи” компаниялар тобы қызметінің ерекшелігімен танысуды, “ВТБ-24” банкіне экскурсия мен презентацияны, сондай-ақ «Френдинг групп» компаниясының бизнес мамандықтарына  оқыту саласындағы мастер-классын қамтыды. Сапардың мәдени бөлігі шеңберінде ФЭМГО студенттері Қазақстандық серіктестеріне Новосібір қаласы бойынша қызықты экскурсиялық бағдарлама дайындапты.

IMG-20170511-WA0024