ЖаңалықтарЖұмысқа орналастыру

КазГЮИУ-дың 4 курс студенті Смақов Адлет «Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі «Зерде» АҚ кадрлық резервке қосылды

Опубликовано 17.05.2017.

Ақпараттық технология және экономика факультетінің 4 курс студенті, Бизнес-Инкубатор КазГЮИУ мүшесі Смаков Адлет 10.04.2017 бастап 05.05.2017 дейін «Smart start» жобасы бойынша «АКТ саласындағы әдіснамалық дамыту» бағытында «Ұлттық инфокоммуникациялық холдинг «Зерде»  АҚ компаниясында тағылымдамадан өтті.

«Smart start» тағылымдамасы 2-4 курс студенттері мен жоғары оқу орындарынын түлектеріне «Ұлттық инфокоммуникациялық Зерде холдингінде» АҚ тағылымдама өтіп және өзінің мансабын бастауға көмектеседі.

Тағылымдамаға үміткерлерді іріктеу 2 кезеңнен тұрды:

1-өтінімдерді қабылдау,берілген тақырыпқа эссе жазу, түйіндеме.

2-үміткерлерді қарау және іріктеу

Сонымен қатар үміткерлерге қойылған талаптар (мамандығы, мүмкіндігінше мемлекеттік және ағылшын тілдерін меңгерген).

Тағылымдама қорытындысы бойынша Смақов Адлет «Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі «Зерде» АҚ кадрлық резервке қосылды. Құттықтаймыз!

13