Жаңалықтар

Онлайн режиміндегі семинарға «Психикалық дамуында тежелуі бар балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіруді психологиялық тұрғыда қолдауды ұйымдастыру»

Опубликовано 26.05.2017.

2017 жылдың 19 мамырында гуманитарлық факультеттің педагогика және психология кафедра Кіріктірілген білім беру ортасына ПДТ бар балаларды психологиялық қолдау тақырыбындағы ғылыми жоба бойынша 2016-17 оқу жылындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорытындылап, Барнаул қаласындағы АГУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасы, клиникалық психология кафедрасы әріптестерімен онлайн режимінде семинар өткізді. Семинар жұмысына оқу-әдестемелік жұмыстар жөніндегі проректор, т.ғ.д. Жарыкбасова К. С., ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор з.ғ.д. Матаева М.Х., тәрбиешілер және аталған ғылыми жоба өткізіліп жатқан Семей қаласының №42 ЖББМ КММ және №9 «Айгөлек» ясли-бақша КМ практикалық қызметкерлер мұғалімдер, Семей қаласы, білім беру бөлімі ГМК әдіскері Сулейменова Айтжамал Семикановна қатысты.

Семинарда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жұмыс жасады. Білім беру ортасына ПДТ бар балаларды кіріктіру мәселесі бойынша ағылшын тілінде магистранттар, студент диплом жұмысын жүргізген эксперименталды жұмыстарының нәтижелері бойынша баяндамалары тыңдалды. Тәжерибе жұмыстарының нәтижелері туралы ақпараттар Барнаулдық әріптестердің белсенді пікір таласын туғызып, үш тілде сұрақтар қойылды. Барнаул жағынан псх.ғ.к. Я.К. Смирнова «Инклюзивті білім беру жағдайында қауіп бар балалар тобын анықтау», В.В: Самойлова, псх.ғ.к., доцент О.А. Сагалакова ғылыми жетекшілігімен В.В. Самойлова «Жеткіншектердегі әлеуметтік қобалжу мен әлеуметтік уайымның психологиялық механизмдері», «Жеткіншектердегі посттравматикалық стресстік бұзылудағы когнитивті мінез-құлықтық терапияның тиімділігі» псх.ғ.к., доцент Д.В. Труевцева ғылыми жетекшілігімен Д.А. Кулагина ағылшын тілінде баяндады.

Онлайн режиміндегі семинарға қатысушылар қарым-қатынастың жаңа формасына жағымды баға беріп психолого-педагогикалық ғылымдар аймағында тағыз әріптестікке ынта білдірді.