ЖаңалықтарХалықаралық ынтымақтастық

Хабарландыру

Опубликовано 02.06.2017.

Құрметті студенттер!

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша  Еуропадағы серіктес  жоғары оқу орындарында 2017-2018 оқу жылының 1  семестріне, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға құжаттар қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Бағдарламаға қатысу шарттары:

Сайысқа қатысушылар Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің :

  1. 5В071800 «Электроэнергетика», 5В073200 «Стандартизация, метрология және сертификация», 5В070300 «Ақпараттық техника» мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша және ақылы негізде білім алып жатқан 2-ші және 3-ші курс студенттері қатыса алады;

Үміткерлерді іріктеу үшін іріктеу кезеңінің келесі көрсеткіштері:

  1. Орташа оқу үлгерімі
  2. Ағымдағы академиялық оқу кезеңінің көрсеткіші
  3. Студенттің ғылыми жетістіктері ескеріледі.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы  бойынша оқуға қажетті құжаттар тізімі:

  1. http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011195#z210 формасы бойынша өтініш;
  2. Жеке куәлік немесе ұлттық паспорт көшірмесі;
  3. Ұсыныс хат;
  4. Алғыс хат, мадақтама, сертификат, диплом көшірмелері;
  5. Ағылшын тілінің деңгейін растайтын сертификат (IELTS,TOEFL,HSK);
  6. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген 086-У формасындағы медициналық анықтама.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2017 жылдың 25 тамыз, сағат 17.00 дейін

Толық ақпаратты алу үшін:

Білім бағдарламаларын  интернационалдау орталығы

Ленина көшесі 11,Бас ғимарат

4 қабат, 23 кабинет

Мусабаева Аяулы

Тел. 8(722)2360363(ішкі нөмір 124)

Ұялы тел.87076591275