Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы қоғамдық байқау комиссиясы және ұлттық алдын алу тетігі мүшелерінің республикалық семинары

Опубликовано 02.06.2017.

2017 жылдың 29-30 мамыр күндері Өскемен қаласында өткен «Азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың түрлерін тергеу мен құжаттау» тақырыбы бойынша семинарды ұйымдастырушылары ретінде Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі және «Қадір-қасиет» Қоғамдық бірлестігімен бірге және оларға серіктестік болып келетін Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық байқау комиссиясы және «Құқықтық ынтымақтастықтың қазақстандық халықаралық қоры» ҚҚ болып табылады. Осы семинарға ШҚО облысы Семей қаласы Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелері, Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің қылмыстық құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі Утебаев Е.К. және аға оқытушы Темиргазин Р.Х. қатысты.

Аталған семинарда қылмыстық атқару жүйесін қадағалау бойынша мамандандырылған прокуратура, Сот – медициналық сарапшылар, адвокаттар, психолог және қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері қатысты.

Семинарда Қазақстанда азаптауды тергеу; құқықтық негізі және тәжірибесі; азаптаудың түсінігі; азаптаудан қорғаудың халықаралық стандарты; Стамбулдық хаттама; азаптауды физикалық дәлелдеу; азаптаудың әдістері және зақымның түсінігі; азаптауды психологиялық дәлелдеу, азаптауды тергеудегі мамандардың қарым қатынасы – тақырыптары қарастырылды.

ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесіне барған кезде барлық қауіпсіздікті, оның ішінде уақытша қамау изоляторында азаптауды болдырмау мақсатында осы семинардан алған білімімізді қолдануды жоспарлаудамыз.