ЖаңалықтарЖұмысқа орналастыру

PhD докторантураның үлкен артықшылығы

Опубликовано 20.06.2017.

“Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша докторы ғылыми дәрежесі болған кезде келесі санаттардағы лауазымдарға жұмысқа орналасу кезінде еңбек өтілі талап етілмейді: А-3, А-4, А-5, В-4, B-5, С-3, С-4, С-О-2, С-О-3, С-О-4, С-О-5, С-R-1, C-R-2, C-R-3, D-3, D-4, D-О-3, D-О-4, D-О-5, Е-2, Е-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2.

Яғни, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша докторы ғылыми дәрежесі болған кезде 38 санаттың 26 санаты бойынша (68,4%) еңбек өтілі талап етілмейді.
Философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша докторы ғылыми дәрежесі болған кезде 12 санат бойынша (А-1, А-2, В-2, В-3, С-1, С-2, С-О-1, D-1, D-2, D-О-1, D-О-2, Е-1) басқа үміткерлермен салыстырғанда минималды еңбек өтілі талап етіледі. Мысалы, А-1 санаты бойынша ең максималды талап етілетін еңбек өтілі осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес.

Сонымен, PhD докторантура мемлекеттік қызметтегі мәнсаптарынызда үлкен мүмкіндіктер ашады!