Жаңалықтар

Ақпараттық технологиялар және экономика факультетіндегі Серпіндік студенттер Польшадан оралды

Опубликовано 01.07.2017.

КазГЮИУ техникалық және экономикалық факультетінің ақпараттық технологиялар және экономика мамандықтары бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру аясында Польша, Белосток қаласында 29 студент оқуын аяқтады.

2016 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің грантын иеленді. Осы бағдарлама аясында, студенттер еуропалық ЖОО – серіктесінде семестр бойы оқуға мүмкіндігі бар.

Осы грант шеңберінде 29 студент Польшаның Жоғары Қаржы және басқару мектебі және Белосток техникалық университетінде экономика, информатика, есептеу техникасы мен бағдарламалыққамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер, биотехнология мамандықтары бойынша білім алды.

13 маусым күні бағдарламаның салтанатты жабылуы болды, онда Жоғары қаржы және басқару мектебінің ректоры, профессор Э.Хостилович, оқу жөніндегі проректор, профессор А.Копчук, ректор кеңесшісі А.Волков, сонымен қатар, біздің Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті тарапынан халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор, профессор Х.КАфтанджиев, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Е.Шустова қатысты.

Біздің студенттер 4 ай ішінде поляк тілін біліп, поляк халқының мәдениеті мен дәстүрлерін үйреніп, танысуға мүмкіндік алды. Басқа елдердің студенттерімен мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын меңгерді.

Бұл жоба білім беру саласындағы Қазақстан мен Польша арасында жүзеге асырылған ең ауқымды жоба екенін атап өткен жөн.

Сондықтан, ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан, Варшавадағы Қазақстан Республикасы елшілігі, Астанадағы Польша Республикасының елшілігі, сондай-ақ Белосток қаласының мэрі тарапынан ерекше көңіл бөлінді.

2