Жаңалықтар

КазГЮИУ әскери кафедра курсанттарының Ант қабылдау күні

Опубликовано 01.07.2017.

Күн шуақты жазғы демалыстар алдында Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті қабырғаларында салтанатты іс-шара өткізіледі, жоғарғы оқу орындарында саптағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша толық оқу курсын өткен Әскери кафедра курсанттарының Ант қабылдау күні жақындап қалды.

Аталған шара 2017 жылдың 9 шілдесінде Әскери кафедраның саптық плацында өтеді. Оған Отан адалдығына ант беруге дайын 217 студент қатысады. Өзінің президентіне, өз халқына адал болу, өз Отанына қызмет ету – еліне деген нағыз махаббат пен жоғары рухани патриотизмді білдіреді.

Жоғарыда айтылғандарға қатысты КазГЮИУ әскери кафедра студенттерінің өміріндегі айтулы күніне куә болуға  ата-аналарды, оқу орнының профессор-оқытушылар құрамын шақырамыз.