Жаңалықтар

Серіккажиева Толғанай – Эразмус+ бағдарламасы бойынша грант иегері

Опубликовано 01.07.2017.

2016 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Варна экономикалық университеті (Болгария, Варна қаласы) және Жоғары қаржы және басқару мектебімен (Польша, Белосток қаласы) Erasmus+ бағдарламасы бойынша екі келісімге қол қойды.

Эразмус плюс – шет елдермен ынтымақтастық арқылы адамдар мен мәдениеттер арасындағы өзара түсіністік және еуропалық жоғары білім беру сапасын арттыруға бағытталған жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық пен ұтқырлық бағдарламасы. Сонымен қатар, ол Еуропалық Одақ пен ынтымақтастық арқылы адам ресурстары мен жоғары оқу орындарында шет елдерге халықаралық ынтымақтастықтың әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

Халықаралық студенттік ұтқырлық бағдарламаларының негізгі мақсаты – жоғары білім беру мен түрлі елдегі жастардың мәдени интеграциясын интернационализациялау.