0009

Білім күні

Қыркүйектің 4-ші жұлдызында, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің бас ғимаратында жаңа оқу жылына арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шара университет ректоры Құрманбаева Шырын Асылханқызының құттықтау сөзімен ашылды. Ректор өзінің құттықтау сөзінде 1- курс студенттеріне сәттілік тілеп, университет қабырғасындағы 4 жылда 3 тілді жетік меңгеруге, шетел тілін жетілдіру үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік оқу орындарында  оқып келуге  барлық  мүмкіндік жасалғанын айтты.

Университетіміздің дайындық курсының тыңдаушылары, енді 1 курс студенті атанған Монғолиядан келген  қандастарымыз Ануарбек Нұртолқын және Кану Айдарға  ректор гранты  тағайындалғаны туралы сертификаттар тапсырылды. Сондай – ақ, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017-2018 оқу жылының  200-ден аса грант иегерлері атынан 1-курс студенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау сөз сөйледі. Биылғы оқу жылына  бакалавриатқа 735 студент, магистратураның 9 мамандығы бойынша 400, докторантураның 6 мамандығы бойынша 50 білім алушы қабылданды.

Comments

comments