ЖаңалықтарКәсіптік бағдар

Қазақстан Ядросыз Әлем үшін

Осыдан 26 жыл бұрын 1991 жылы 29 тамызда еліміз үшін тарихи шешім қабылданды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 40 жыл бойы ядролық сынақтар жүргізіліп, қазаққа зор қасірет төндірген Семей полигоны жабылды. 29.08.2017 ж. Тәуелсіздіктің теңдессіз жеңісі болған Халықаралық антиядролық сынаққа қарсы іс-қимыл күніне арналған форум  өтті. Аталмыш шараға көрнекті қоғам қайраткерлері, ядролық қозғалыстың өкілдері, кәсіпкерлер, журналистер, ардагерлер, студенттер, мәдени мекемелердің қызметкерлері, Қазақстандағы Семей ядролық полигонының бұрынғы әскерилері, қала тұрғындары мен  қонақтар қатысты. Форумға университтетіміздің «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алатын  1 курс студенттері де қатысты. Оңтүстік өңірден   алғаш келген жастарға  іс- шара ерекше әсер қалдырды.