Жаңалықтар

КАЗГЮИУ ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ

Опубликовано 18.09.2017.

5.09.2017 ж. КазГЮИУ, гуманитарлық факультетте мемлекеттік «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түскен бірінші курс студенттерімен кездесу өтті. Алғы сөз әлеуметтік мәселелер және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор міндетін атқарушы Р.Т. Садыковаға және  факультет деканы, филология ғылымдарының докторы Ш. Б. Сейітоваға ұсынылды. Кездесуге қатысқан кафедра меңгерушілері ф.ғ.к М.М. Түйебаев, филология кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к. Қ.Т. Төлебаева, тарих және география кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к. К.Б. Болатова КазГЮИУ-дың білім беру ерекшелігі, студенттердің жетістігі жайлы сөз қозғап, студенттерге ақ жол тіледі.