ЖаңалықтарКәсіптік бағдар

КазГЮИУ – «Серпін – 2050» жастары Болгарияда!

Опубликовано 18.09.2017.

«Мәңгілік ел жастары – Индустрияға!» – «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы аясында білім алып жатқан «Электр энергетикасы» мамандығының 2 курс студенттері академиялық ұтқырлық  бағдарламасы  бойынша 2017  жылдың 6 қыркүйегінде бір семестрге Болгария  мемлекетінің астанасы София қаласында орналасқан  Климент Охридский атындағы София университетіне білімдерін жалғастыруға аттанды.

Халықаралық  білім беру кеңістігін интеграциялау, әлемдік білім беру ресурстарын пайдалану мақсатында  2016-2017 оқу жылында Польша  мемлекетінің Белосток қаласында орналасқан  Қаржы және басқару жоғары мектебінде 22 студентіміз білім алып келген.

Біздің студенттер Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінде алған білімдерін Болгария университетінде әрі  қарай шыңдай түсетініне сенімдіміз!