ЖаңалықтарХалықаралық ынтымақтастық

КазГЮИУ студенттерінің назарына!

Опубликовано 18.09.2017.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Азаматтық құқық» мамандығының 2-ші, 3-ші және 4-ші курстың 7 семестр студенттерін Варналық менеджмент университетіне (Болгария мемлекеті, София қаласы)  2017-2018 оқу жылының семестрлік оқуына шақырамыз.

Аталған мамандық бойынша 10 адамнан тұратын топ жиналса, оқу орыс тілінде өтеді.

Жатақхана, тамақ, медициналық сақтандыру ақысы бағдарлама  қатысушының тарапынан.

Қажетті орташа есеппен алынған қаражат:

Жол- 120 мың теңге;

Виза- 60 евро;

Жатақхана ақысы-  айына100 евро;

Тамаққа қажет орташа қаражат- айына 100 евро.

Болгария мемлекетінде оқу 2017 жылдың 1 немесе 15 қазанынан басталады.

Бағдарламаға тіркелу мерзімі: 2017 жылдың 22-ші қыркүйегіне дейін.

Назар аударыңыз!

Шетелге шығу төлқұжаты болуы міндетті түрде қажет!

Бағдарламаның барлық қатысушылары Семей қаласының Студенттер поликлиникасынан міндетті түрде медициналық комиссиядан өтіп, 086-У формасындаға медициналық анықтаманы әкелуі шарт.

Толық ақпаратты алу үшін:

Білім бағдарламаларын  интернационалдау орталығы

Ленина көшесі 11,Бас ғимарат

4 қабат, 23 кабинет

Мусабаева Аяулы

Тел. 8(722)2360363(ішкі нөмір 124)

Ұялы тел.+77076591275