0006

Ұстазым – ұлағатым

2017 жылы  3 қазан күні Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің бас ғимаратының салтанат залында «Ұстазым- ұлағатым» атты ұстаздар мерекесіне арналған кеш өтті. Салтанатты шараға факультетіміздің декандары және де ұстаздар мен оқытушылар қауымы қатысты. Мерекелік іс-шараны университетіміздің 1-2 курс студенттері өткізді. Бұл шараға әсіресе «Серпін» бағдарламасы бойынша оқитын студенттер белсене қатысты.

Салтанатты шараны құттықтау сөзімен ашқан Құрманбаева Жаныл Асылханқызы ұстаздар мен оқытушылар қауымын мерекесімен құттықтап, студенттер контингентін қалыптастыруда кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуге қосқан зор үлесі үшін 22 ұстазды алғыс хаттарымен марапаттады.

Кундакова Алтынбибі Болатқалиқызы, Смоилов Самат Жұмағалиұлы және де Сабырбаева Майра Бияхметқызы сынды ұстаздарымыз Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Сахна төрінде «Серпін» бағдарламасы бойынша оқитын 1 курс  студенттері Еркінбекова Диана, Қалжан Сара сынды қыздарымыз әсем әнімен таң қалдырса, Заманбекова Мадина мың бұралған биімен сахнаны көркейтіп жіберді.   Студенттер арасында жез таңдай әншілер, домбыраның құлағында ойнайтын күйшілер, әдемі әзілімен КВН командасы да  болды.

Университетіміздің атын шығарып, шет мемлекеттерге танытып жүрген «Enactus» командасы ұстаздарды мерекесімен құттықтаса, акедемиялық ұтқырлық бойынша Болгария мемлекетінде оқып жатқан студенттеріміз жылы лебіздерін видео арқылы жіберді.

Мерекелеріңіз құтты болсын, біздің ұстаздар!

Comments

comments