фото урока

Теория мен тәжірибенің өзара байланысы

2017 жылдың 9 қазан күні №1 ғимараттың №5 аудиториясында сағат 13.25 теория және тәжірибенің өзара байланысының жаңа әдістерін жүзеге асыру мақсатында Семей қ. сотқа дейінгі тергеп-тексеру заңдылығын  қадағалау бойынша бөлімінің прокуроры, 1-сыныпты заңгер (әділет капитаны) қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы Рахимов Алмас Мергалымович 4 курс студенттері үшін «ҚР прокурорлық қадағалау» пәні бойынша «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру заңдылығын қадағалауды прокуратура органдарының жүзеге асыруы» тақырыбында дәріс өткізді.

Лектор осы дәріс сабағын жүргізу барысында қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру заңдылығын прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың негізгі ережелері, қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізудің негізгі мәселелері, тергеу бөлімшелерінде жасалынатын типтік қателері, сондай-ақ, оларды шешу жолдары, осы қадағалау түрін жүзеге асырудағы прокуратураның рөлі туралы талқылады.

Рахимов А.М. студенттердің білім сапасын арттыру мақсатында тәжірибемен тікелей байланысты қызмет болғандықтан, дәріс сабақтарын жиі өткізетін болады.

Comments

comments