thumb7_m4

Хабарландыру

Барлық КазГЮИУ магистраннтарының назарына!

 Барлық магистранттарды бірлескен ортақ білім бағдарламасы бойынша Варна менеджмент университетінде (Болгария мемлекеті, София қаласы) «Бизнесті басқару» (МВА) мамандығы бойынша оқуға шақырамыз. Оқу аяқталысымен Варна менеджмент университетінің дипломы беріледі.

Варна менеджмент университеті Ұлттық Бағалау Агенттігі, Болгария Республикасының Accreditation Agency  агенттігі және Британдық Аккредитациялық Кеңесімен (ВАС)  аккредиттелген. Одан басқа SSRN рейтингі бойынша жоғары орынды және топ-1000 ең жоғарғы көрсеткішке иеленуші бизнес-мектептердің арасында 274 орынды алуда.

Қажетті құжаттар:

  1. Шет.елге шығу төлқұжатының нотариалды кепілденген көшірмесі
  2. Жоғары оқу орын дипломының нотариалды кепілденген көшірмесі
  3. 2 фото 3*4
  4. Резюме
  5. Өтініш

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2017 жылдың 1 қарашасына дейін (Білім бағдарламаларын интернационалдау орталығы)

Оқу бағасы- семестріне 400 евро.

Бағдарламаға Варна менеджмент университетінде өтетін шетелдік тағылымдама кіреді (теңіз жағалауына шығу).

Қосымша ақпарат:

Ленин к-сі, 11

КазГЮИУ, Бас ғимарат

2 қабат, 11 кабинет

Жоғары оқудан кейінгі білім және ғылым орталығы – Разиева Динара Багдатовна

Тел.: +7 705 801 67 87

4 қабат, 23 кабинет

Білім бағдарламаларын интернационалдау орталығы- Мусабаева Аяулы

Тел. +7 (7222)36 03 63