1

Халықаралық практикалық семинар

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде 2017 жылдың 25-26 қазанында «Әлемдік тәжірибе және шетелдік білімді мойындаудың жаңа тенденциялары және шетелде оқу кезеңі» тақырыбына арналған халықаралық практикалық семинар Санкт-Петербург және Солтүстік-Батыс Ресейдің ЖОО-ның халықаралық байланыс жөнінде проректорлар қауымдастығы мен «NICE» ЖОО қауымдастығымен бірігіп  өткізілді.

Семинарды өткізуге Шевченко Евгениий Васильевич, Санкт-Петербург және Солтүстік-Батыс Ресейдің ЖОО-ның халықаралық байланыс жөнінде проректорлар қауымдастығының «Білім туралы құжаттарды сараптау орталығының» бас директоры, ТМД елдерінің білім алу және алынған біліктіліктерін тану жөніндегі құжаттарды бағалау саласындағы жетекші сарапшы және Сагайдак Евгениий Иванович, «NICE» ЖОО қауымдастығының директоры және Новосибирск мемлекеттік университетінің халықаралық байланыс бөлімінің басшысы шақырылды.

Семинарға Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті (Астана қаласы), Инновациялық Еуразия университеті (Павлодар қаласы), Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет  (Семей қаласы), Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті (Семей қаласы), Томск архитектура және құрылыс университеті (Ресей, Томск қаласы), және де Семей қаласының колледждері: Инновациялық колледж, Радиотехника және байланыс колледжі, Авиценна колледжі, Бизнес және сервис коллледжі, Семей көпсалалы колледжі белсенді қатысты.

Семинар барысында қазіргі заманғы жоғары білім беру жүйесіндегі интернационалдандырудың өзекті мәселелері, басқа елдердегі білім туралы шетелдік құжаттарды мойындау тәжірибесі, білім беру туралы шетелдік құжаттарды мойындау тәртібі, және оларды заңдастыру мәселелері талқыланды.

Семинарға қатысушылардың ерекше қызығушылығын артқан әлемнің әртүрлі елдерінің білім беру туралы құжаттарының түпнұсқалығын бағалау бойынша сарапшылар өткізген тәжірибелік жаттығулар болып табылды.

Семинар аяқталысымен қатысушыларға  келесі:

  1. Санкт-Петербург және Сотлтүстік-Батыс Ресейдің ЖОО-ның халықаралық байланыс жөнінде проректорлар қауымдастығы және «NICE» ЖОО қауымдастығының;
  2. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің сертификаттары марапатталды.