DSC_0636

ШҚО мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары біліктілікті жетілдіру курстарын өтті

Біліктілікті жетілдіру және мамандарды қайта даярлау институты 2017 жылдың 30 қазанынан 8 қарашасы аралығында келесі модульдер бойынша  колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдеріне арналған біліктілікті жетілдіру курстарын өткізді:

  1. «Жаңарту шеңберінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың ерекшеліктері»;
  2. «Қазіргі кезеңде орыс тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері: теория және тәжірибе»;
  3. «Биология пәнін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және қолдау. Теория және тәжірибе»;
  4. «Информатика» және «Физика» пәнідерін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану»;
  5. «Ағылшын тілі сабақтарында тиімді тәсілдер мен әдістерді пайдалану».

Курсты университетіміздің тәжірибелі оқытушылары филология ғылымдарының кандидаттары, доценттері Н.Қ. Тлебалдина, Ф.А. Гайнуллина; биология ғылымдарының кандидаты Б.М. Силыбаева; магистрлер А.Ж. Карипжанова мен А.А. Мусабаевалар өткізді.

Курстың негізгі мақсаты – жаңарту шеңберінде мұғалімдер мен оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру табылады.

Курсқа ШҚО мектептері мен колледждерінің мұғалімдері мен оқытушылары қатысты.

Курстардың модульдерін Өскемен қаласы, Риддер қаласы, Улан ауданы, Абай ауданы, Бесқарағай ауданы, Аягөз ауданы мектептер мен колледж оқытушылары қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқыды.

Курс қорытындысы бойынша сертификаттар тапсырылды.