20171110_083336

ЗФ ҚҚП кафедрасында кезекті теория мен тәжірибенің өзара әрекеттесуі

10 қараша 2017 ж. сағ. 8.00 №1 ғимарат Заң факультеті   №19 аудиториясында, ШҚО Семей қ.ІІБ бойынша кадры жұмыс бастығының орынбасары, полиция майоры және ЗФ ҚҚП кафедрасының қосымша қызметкері Жаркенов Е.А. «Құқық қорғау қызметі» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша оқитын 3,4 курс студенттеріне  «Қазақстан Республикасынның Ішкі істер органдарында қызмет атқару ережелері»

Тақырыбында дәріс өткізді. Сондай-ақ Жаркенов Е.А. криминалды полиция және тергеу бөлімдерінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың саралануы туралы сұрақтарға тоқталып өтті. Дәріс соңында студенттер қойған сұрақтарына толықтай жауап алды. Бұл дәріске ЗФ ҚҚП кафедрасының меңгерушісі Утебаев Е.К. және құқықтану магистрлері Байгундинов Е.Н. пен Рсымбетова Д.Р. қатысты. Соңында, Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай,  ҚР ШҚО Семей қ. ІІБ басшылығының тапсырмасы бойынша Е.А. Жаркенов  Е.К. Утебаев  пен Е.Н. Байгундинов  естелік сыйлықтар берілді.

20171110_084532 20171110_083538