Жаңалықтар

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті академиялық ұтқырлық бойынша бірлескен білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда.

2017 жылдың 7 қарашасында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде  серіктес Варна менеджмент университетімен  МВА бағдарламасының салтанатты ашылуы өтті. Бағдарламаның ашылу салтанатына Благоев В.И., Варна менеджмент университетінің проректоры, МВА бағдарламасының бас директоры қатысты.

Аталған бағдарламаның негізгі мақсаты: бірлескен екі дипломды магистрлік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру арқылы Бизнес басқару бағыты бойынша білікті мамандар дайындау.

7-ші және 11-ші қараша аралығында Маркетинг пәні бойынша профессор Благоев Веселин МВА бағдарламасының қатысушыларына дәріс оқыды.

Варна менеджмент университеті SSRN рейтингі бойынша топ-1000 ең жоғарғы көрсеткішке иеленуші бизнес-мектептердің арасында 274 орынды алатынын атап өткен жөн.

DSC_0828