Жаңалықтар

Репетиторлық мектеп: Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық.

КазГЮИУ Репетиторлық мектебінде  еліміздегі  білім беру саласындағы өзгерістерге сәйкес 9-10 сынып оқушылары мен мектеп бітіруші талапкерлерге арналған жаңа форматтағы  ҰБТ-ға  дайындық курсы жүйелі түрде жүргізілуде.  2017-2018 оқу жылы ҰБТ-ға дайындық барысында  талапкерлер көбінесе бейінді пәндерге баса назар аударып, көп көңіл бөлуде. Оған дәлел, күзгі демалыс кезінде  Шығыс Қазақстан облысының әр ауданынан (Тарбағатай, Үржар, Көкпекті, Абай, т.б.)  20 – дан  астам мектеп оқушылары биология, химия, дүние жүзі тарихы, ағылшын тілі, география пәндерінен 10 күндік қарқынды курстарға қатысты.

Дайындық курстарынан өту барысында талапкерлер жаңа форматтағы ҰБТ-да кездесетін тест тапсырмаларымен танысуға және таңдаған пәні бойынша білім деңгейін тексеруге мүмкіндік алды.

Репетиторлық мектепте жеке тұлғаның білімдік қажеттілігін қанағаттандыруға, ақпараттық-коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру мақсатында  интерактивтік технологиялар және  үздік педагогтардың авторлық әдістемелері  кеңінен қолданылады.

Жүргізілген сауалнамалар негізінде  мектеп бітіруші оқушылардың басым көпшілігінің пікірі: Репетиторлық мектепте  ұстаздар сапалы әрі терең білім береді. Әр баламен  жекелей жұмысқа көп көңіл бөлінеді. Осындай білімдік орталықтың бар болғанына қуаныштымыз. Аз уақыттың ішінде көп ақпарат алдық. Алған білімімізді, алдағы ҰБТ-да дәлелдеуге тырысамыз!

IMG-20171102-WA0032