Жаңалықтар

«Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша РОӘК отырысы

17 қараша 2017 жылы «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша Республикалық оқу әдістемелік кеңесінің бірінші отырыс болып өтті. Жиналыс ҚР ІІМ Академиясы базасында болды. РОӘК жұмысы барысында әртүрлі сұрақтар қарастырылды, оның ішінде ШҚО Семей қаласының КазГЮИУ бастамасы бойынша студенттердің, курсанттардың және профессорлық оқытушылық құрамдарымен академиялық ұтқырлығы қарастырылды. РОӘК шешімі бойынша 2017-2018 оқу жылының екінші жартысынан бастап азаматтық жоғарғы оқу орындар, ішкі академиялық ұтқырлықты жүзеге асыруға болады. Ведомстволық жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлықты 2018-2019 оқу жылдан бастап жүзеге асады, өйткені академиялық бағдарламаны іске асыру үшін қаржыландыру қажет. Осылайша, ішкі академиялық ұтқырлық студенттер, курсанттар, магистранттар, докторанттар және ПОҚ арасында іскерлік байланысты нығайтуға мүмкіндік береді,сонымен қатар  тәжірибе алмасу оқу үдерісін жетілдіреді, ынтымақтастықты кеңейтеді және ықпал етеді. Одан басқа РОӘК мүшелерінің қызметін жүзеге асыруына, олимпиада және конференция өткізудегі жаңа серпіліс береді.