Жаңалықтар

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік видеоконференция: «ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ: ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ»

2017 жылдың 21 қарашасында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің базасында серіктес жоғарғы оқу орны Белостоктағы Қаржы және Басқару Жоғарғы Мектебінің (WSFiZ) қатысуымен «ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ: ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ» халықаралық ғылыми-тәжірибелік видеоконференция ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға дайындық барысында Қаржы және Басқару Жоғарғы мектебінің (Белосток қ.), Алтай Мемлекеттік университетінің (Барнаул қ.), Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің (Семей қ.) ғылыми қызметкерлерінен 20-дан астам өтінімдер келіп түсті. Конференция барысында онлайн режимде пленарлық отырыстың тікелей көрсетілімі ұйымдастырылды.

Модераторлар – э.ғ.д. А. Копчук, PhD докторы Турдиева З. М., э.ғ.к. Тахтаева Р. Ш.

Ғылыми тәжірибенің мақсаты – дағдарыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстан мен әлем мемлекеттеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жақсартудың қазіргі проблемалары бойынша шетелдік серіктестер мен КазГЮИУ ғалымдарының арасында ой-пікірлер алмастыру.

Ағылшын тілінде PhD докторы Турдиева З. М., э.ғ.к. Тахтаева Р. Ш., э.ғ.к. Молдажанов М.Б. және басқалары баяндама жасады.

Конференция КазГЮИУ «Қаржы және есеп», «Экономика және менеджмент» кафедраларының белсенді қолдауымен өткізілді. «ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ: ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ» халықаралық ғылыми-тәжірибелік видеоконференция жұмысының қорытындылары бойынша болжамды түрде 2017-жылдың желтоқсанында жарық көретін жинақ шығарылымы жоспарлануда. Конференция жұмысынан кейін ұйымдастыру комитетінің жиналысы орын алды, бұнда өткізілген конференцияның ұйымдастырушылық мәселелері талқыланып, ұйымдастырушыларға ұсыныстар айтылды.