Жаңалықтар

КазГЮИУ-де «Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу өтті

2017 жылғы 27 қарашада КазГЮИУ-дың салтанат залында «Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасын түсіндіру бойынша бітіру курстары студенттерінің «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті өкілдерімен кездесу өтті.

«Самұрық-Қазына» АҚ мен «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті 2017 жылы бакалавриат және магистратура бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнын бітірген түлектерді «Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасына қатысуға шақырады.

Жиырма жас түлек 20 ай бойы «Самұрық-Қазына» АҚ тобының бірнеше қоржындық компаниясында тағылымдамадан өтеді. Сізді қызмет жолын тамаша бастау мүмкіндігі – «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік университетінде оқу және еліміздің ірі индустриялық кәсіпорындарында жұмыс істеу мүмкіндігі күтіп тұр.

Жас мамандарға арналған бағдарлама сәтті өткен жағдайда, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында жұміс істеу және ары қарай жетілу жоспары жасалады. Бағдарлама аяқталған соң, дарынды тағылымгерлер Қазақстанның ұлттық компанияларына жұмысқа орналастырылады.

Бағдарлама миссиясы – Қазақстанның дарынды жастарын жетілдіру.

Бағдарлама ұйымдастырушысы — «Самұрық-Қазына» АҚ, Бағдарлама мен байқауға ұйымдастырушылық-қаржылық қолдау көрсетеді.

Бағдарламаның  атқарушы органы —  «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті»,  ұйымдастыру шараларының орындалуын және байқаудың өткізілуін қамтамасыз етеді.

Бағдарлама қатысушыларына қойылатын міндетті талаптар:

Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек

2016,2017,2018 жылғы бакалавр немесе магистр түлегі болуы керек

Байқауды өткізу ережелері мен тәртібі

Үміткерлерді іріктеу – байқау негізінде әлеуетін анықтау жолымен өтеді.

Байқау 4 (төрт) айналымнан тұрады.

Байқау өткізу барысында «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті» қатысудың тең мүмкіндігі, байқау өлшемдері мен тәртіптерінің айқындығы және лайықты жеңімпазды анықтау тәрізді негізгі қағидаттарды басшылыққа алады.

Байқауға қатысу өтініші 2018 жылғы 1 қантардан 31 наурызға дейін байқаудың ресми сайтында – www.skcu.kz/zhasorken – онлайн тіркелу арқылы беріледі.

2018 жылғы 31 сәуірден кейін алынған байқау өтініштерін байқау комиссиясы қарастырмайды. Байқау өтінішінің тіркелгені үміткер байқау өтінішінде көрсеткен пошта (электронды) мекенжайына жіберілген, өтініштің тіркелгені туралы хабарлама арқылы расталады.

Ақпарат қайнар көзі: https://www.skcu.kz/zhasorken/kz/about-kz/