Жаңалықтар

Профессор Христо Кафтанджиевтің семинары

2017 жылдың қараша айының 20-сы және 24-і  аралығында «Тиімді коммуникация» тақырыбында халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор, профессор Кафтанджиев Христо семинар өткізді. Семинарға әр түрлі мамандық студенттері, магистранттары, докторанттары және «Есеп және аудит», «Экономика және менеджмент»,  «Филология» кафедраларының оқытушылары қатысты.

Семинар барысында қолданбалы семиотикта тұрғысынан ең озық коммуникативтік стратегиялар мен технологияларды және оларды практикалық пайдалану жайында талдау өткізілді.

«Коммуникация – әртүрлі ғылым  жүйелерінің бір бөлігі: сөздер, түстер, киім, музыка және т.б. Біз осы белгілерді әртүрлі коммуникацияларда белсенді қолданамыз – жеке, педагогикалық, психологиялық, құқықтық, саяси, маркетингтік  және т.с.с. тұрғыда. Осыған байланысты әлемде педагогикалық, құқықтық, архитектуралық, психологиялық, музыкалық симиотика және т.б. сияқты ғылыми бағыттар белсенді дамып келеді», – дейді профессор Кафтанджиев Христо.

Семинар жүргізу үрдісінде профессор Кафтанджиев Христо визуалды видео материалдарды қолданғанын ерекше атап айтқан жөн.  Барлық қатысушылар семинардан үлкен әсер алды.

2017 жылдың 24-ші қарашасында қатысушыларға салтанатты түрде сертификаттар табысталды.