Жаңалықтар

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ЛАТЫН ӘЛІПБИІ»

2017 жылдың 20 қараша күні Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті және Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілдің өзекті мәселелері: латын әліпбиі» атты қалалық семинар өтті. Семинарға университетіміздің филология кафедрасының профессорлық оқытушылары мен қалалық және ауылдық  округтердің тіл мамандары қатысты.

Филология кафедрасының меңгерушісі,филология ғылымдарының кандидаты Төлебаева Құралай Тоқтарқызы «Латын графикасына көшу – заман талабы» тақырыбында баяндама жасады.

Филология ғылымдарының кандидаты Қ.Т.Төлебаева Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Аққожианың Алғыс хатымен марапатталды.

IMG-20171124-WA0014 IMG-20171124-WA0011