Жаңалықтар

КазГЮИУ «География» мамандығының студенттеріне Ресейдің география ғылымдарының кандидатының дәрісі

Ресей Федерациясы, Барнаул қаласының Алтай мемлекеттік университеті, Халықаралық экономикалық институты, менеджмент және ақпараттық жүйелер факультеті, аймақтық экономика және басқару кафедрасының оқытушысы, география ғылымдарының кандидаты, доцент Пуричи Виталий Валентинович арнайы КазГЮИУ университеті, гуманитарлық факультет, тариx және география кафедрасының 5В011600 “География” – мамандығы студенттеріне 20.11-24.11 күндері аралығында “Экономикалық география”, “Аймақтық экономика және басқару” атты тақырып төңірегінде дәріс оқыды.