Жаңалықтар

Заң факультеті қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының тамаша жетістігі

2017 жылдың 28-29 қараша күндері ҚР ШҚО Өскемен қаласында «Құқықтану» мамандығы бойынша мамандарды даярлайтын жоғарғы және орта-кәсіптік оқу орындарының студенттері арасында облыстық оқу-сот процессінің конкурсы өткізілді.

Бұл конкурс «Қазақстан Республикасы сот оқуының 2017-2020 жылдарға арналған Стратегиясы» және «ҚР Шығыс Қазақстан облысы бойынша жастардың құқықтық білімін жоғарылату» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру негізінде ұйымдастырылды. Осы конкурстың ұйымдастырушылары ретінде: Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Шығыс Қазақстан филиалы Кеңесі,   ҚР сот ардагерлері Кеңесі, ҚР жас судьялар Кеңесі, ҚР Шығыс Қазақстан облысының оқу орталығы болып табылады.

Конкурстың қорытындысы бойынша сенімді түрде 1-орынды ҚПР ШҚО Семей қ. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша 2, 3, 4 курс студенттерінен құрылған командасы иеленді. Бұл 2014 жылдан бері есептегенде қатарынан үшінші жеңісі болып табылады. Ал жеке біріншілік бойынша: «Үздік судья» – (Каиргазыев Рустам) «Үздік прокурор» – (Бақтыгазин Ернар) «Әртістік және үздік рөлі» – (Мақсұтқанов Тілек) «Конкурсқа белсенді қатысқаны үшін» (Қалыбек Меруерт) номинацияларында марапатталды.

Соныман қатар, ректоратқа және заң факультетінің деканатына материалдық және моральдық қолдауларына алғыс білдіреміз.

Студенттерді ЗФ ҚҚП кафедрасының оқытушылары даярлайды: з.ғ.к., профессор Утебаев Е.К., аға оқытушылар, магистлар Сабитов С.М., Рсымбетова Д.Р., Темиргазин Р.Х., Стамгазинова С.С., Сейданов А.Б., Байгундинов Е.Н., Камбаров А.К., қылмыстық істер бойынша №2 қалалық сотының судьясы Абенова Ж.Т. және Семей қ. қалалық прокуратурасының прокуроры, 1 сыныпты заңгер Рахимов А.М.

1 2