IMG_0704 - копия

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ АЛТАЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС КАФЕДРАСЫМЕН СЕРІКТЕСТІК

Алтай мемлекеттік университеті (Ресей Федерациясы, Барнауыл қаласы), әлеуметтану факультеті, әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушысы, әлеуметтану ғылымының кандидаты, доцент Сиротина Татьяна Викторовна 04.12.2017 – 08.12.2017 ж. аралығында «Отбасы және балалармен психоәлеуметтік жұмыс жасау технологиясы ретінде ауруханалық сайықмазақты дамыту» тақырыбында, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті философия және саясаттану кафедрасының оқытушыларына, әлеуметтік жұмыс мамандығының 2-4 курс студенттеріне дәріс курсын жүргізді.

Осы уақыт аралығында кафедрада «Халықаралық серіктестік және оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы жөніндегі мәселе» тақырыбында  оқу-әдістемелік семинар өткізіліп, семинарда серіктестік жайлы Алтай мемлекеттік университетіндегі әріптестерімен ғылыми бағыт бойынша, конференцияларға қатысу, білім бағдарламалары және семинарлар жайлы сұрақтар талқыланды. Семинар қорытындысы нәтижесінде, КазГЮИУ философия және саясаттану кафедрасымен РФ АГУ әлеуметтік жұмыс кафедрасы арасында 2018 жылға бірлесе отырып атқарылатын  іс-шаралар жоспары бекітілді.

IMG_0740 - копия IMG_0699 - копия