Дайындық бөліміЖаңалықтар

«АРМЫСЫҢ, АТАМЕКЕН» атты музыкалық концерт

2017 жыл желтоқсанның 7-жұлдызында Қазақстан Республикасының  «Тәуелсіздік» мерекесіне орай Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің Дайындық бөлімі тыңдаушылары «АРМЫСЫҢ, АТАМЕКЕН» атты музыкалық концерт ұйымдастырып жұрттшылыққа тарту етті. Кеш Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің бас ғимаратында өтті. Концерт барысында «Дайындық бөлімінің» тыңдаушылары әр жанрдағы тартымды да тамаша номерлермен көрермен көңілін көтере білді. Әсіресе ұлттық рухтағы тамаша әндеріменкеш көрермендерін тәнті етті. Алтайдың арғы жағынан елім деп келген жалынды жас ақындар өздерінің елге деген сағынышын өлеңмен өрнектегенде, көрермендер көзіне жас алып отырды. Кешке келген көрермен қауым алғыстарын айтып, бұндай кештер жиі болып тұрса деген пікірлер айтылды. Рухани жаңғыруды рухты кешпен әспеттеген Дайындық бөлімінің ұжымына алғысымыз шексіз!

DSC_2859 - копия DSC_2853 - копия