Дайындық бөліміЖаңалықтар

Баскетболдан «Ректордың кубогы» үшін ашық турнир

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай және ел тәуелсіздігіне арнап Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің Дайындық бөлімі ұйымдастырған баскетболдан студенттер мен тыңдаушылар арасындағы «Ректордың кубогы» үшін ашық турнир өз мәресіне жетті. Екі аптаға созылған тартысты бәсекеде қыздар арасындағы сайыста 1-орынды Дайындық бөлімінің қыздар командасы жеңіп алып, уиверситет Ректорының ауыспалы кубогына ие болды.  2-орынды Гуманитарлық факультетінің қыздар командасы алса, 3-орын ИТЭФ факультетінің намысын қорғаған қыздар командасына бұйырды. Ұлдар арасында өткен сайыс тартысты да тамаша қызықты болды. Қатысқан командалардан алға озып шығып 1-орын иеленген ИТЭФ факультетінің ұлдар командасына Ректордың ауыспалы кубогы берілді. Дайындық бөлімінің ұлдар командасы 2-орынды  иеленсе, 3-орынға Дайындық бөлімінің түлектері табан тіреді. Бұл аталған сайысты жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуге шешім қабылданды.

C5iK0S4630A