Жаңалықтар

ШҚО мектептерінің, колледжерінің және ЖОО-ның кадр қызметкерлері мен әскери кафедра қызметкерлері біліктілікті арттыру курстарын өтті

Біліктілікті жетілдіру және мамандарды қайта даярлау институты 2017 жылдың 27 қарашасынан 5 желтоқсаны аралығында «Ұйымдардағы әскери есеп және қызметтік іс жүргізу (құжаттаманы жүргізу)» модулі бойынша біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Курсты өткізуге Семей қаласы бойынша Қорғаныс істері жөніндегі басқарма қызметкерлері: Садвакасова Ажар Есенғалиқызы, Белецкая Галина Петровна, Пономарева Ирина Юрьевна дәрістер оқыды.

Қызметтік құжаттандыру мәселелері бойынша азаматтық-құқықтық кафедрасының аға оқытушысы, магистр Жампеисов Дәурен Әбілтайұлы дәріс оқыды.

Курстың негізгі мақсаты – ұйымдардағы әскери есеп және қызметтік іс жүргізу құжаттарын толтыру және өткізу тәртібімен танысу табылады.

Курсқа ұйымның кадр бөлімінің, әскери-есептік үстелдер мамандары мен ЖОО, колледждер мен мектептердің іс қағаздарын жүргізу оқытушылары мен ұйымдардың іс қағаздарын жүргізушілері қатысты.

Курс қорытындысы бойынша сертификаттар тапсырылды.