Жаңалықтар

«АЛАШ-СЕМЕЙ ЖӘНЕ АЛАШ АВТОНОМИЯСЫ: САБАҚТАСТЫҚ ПЕН РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

 

2017 жылдың 8-9 желтоқсан аралығында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «АЛАШ-СЕМЕЙ ЖӘНЕ АЛАШ АВТОНОМИЯСЫ: САБАҚТАСТЫҚ ПЕН РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы Отансүйгіштік пен Алаш идеясын үндестікте зерделеу, алаш қайраткерлерінің ұстанымдарын құқықтық, саяси, философиялық, тарихи және филологиялық тұрғыдан қарастыру.

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің және басқа ЖОО-ның, білім беру мекемелерінің профессорлық-оқытушылық құрамынан конференцияға қатысуға 100 ден аса мақалалар келіп түсті.

Пленарлық отырыста з.ғ.д. М. Х. Матаева, т.ғ.к. М.Қ. Каримов, ф.ғ.д. Ш.Б. Сейітова, ф.ғ.к. М.М. Түйебаев, с.ғ.д. А.А. Бухаева баяндама жасады.

Конференцияның модераторы – ф.ғ.к., профессор, ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі, КазГЮИУ құрамындағы Алаштану ғылыми зерттеу орталығының директоры Т.Қ.Шаңбай. Пленарлық отырыс қабылданған қарарды талқылаумен, тарихи оқиғаларды еске алумен қортындыланды.

«АЛАШ-СЕМЕЙ ЖӘНЕ АЛАШ АВТОНОМИЯСЫ: САБАҚТАСТЫҚ ПЕН РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ғылыми-тәжірибелік конференцияның қортындысымен баяндамалар жинағы шығарылды.