ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

КазГЮИУ студенттері – «Аламан» республикалық фестивалінің жеңімпаздары!

08.12.2017 жылы Ел Ордасы Астана қаласында «Мәңгілік ел жастары-Индустрияға!»- «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында «Аламан» республикалық фестивалі өтті.

Ел Ордасы Астана қаласында «Мәңгілік ел жастары-Индустрияға!»- «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында «Аламан» республикалық фестивалі өтті.

Тәуелсіздіктің 26 жылдығына арналған ауқымды іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген жоғары оқу орнының студенттері қатысты.

Аталған шараға Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінен ән байқауы бойынша «Есептеу техникасы» мамандығының 2 курс студенті Кенжаев Абзал және «География» мамандығының 1 курс студенті Есбатыр Ақерке, мәнерлеп оқу сайысынан  «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының 1 курс студенті Бірлік Марғұлан, би өнерінен «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс студенті Фазылбаева Альбина барлық іріктеу кезеңінен мүдірмей өтіп, Аламан бәйгеге жолдама алды.

Аламан нәтижесінде «Өнерлінің өрісі кең» атты номинация бойынша жеңімпаз атанды.

«Серпін» әлеуметтік жобасының іске асырылуына белсене атсалысқаны үшін Университетіміздің ректоры Құрманбаева Шырын Асылханқызы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы президентінің Алғыс хатымен марапатталды.

КазГЮИУ студенттерін жеңістерімен құттықтай келе,  жалынды жастардың өнерлері өрге жүзсін демекпіз!