ЖаңалықтарРектор

Құрметті әріптестер, студенттер!

Егемен Еліміз 26-шы мәрте тәуелсіздік күні мерекесін атап өтеді. Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздік туының астында өмір сүріп жатқан біздер, шын мәнінде, бақытты ұрпақпыз. Қазақстан бүгінде әлемге танымал мемлекет атанды.

Ширек ғасырдан уақыт ішінде экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан тамаша табыстарға жеттік. Тәуелсіздік келбеті – Астанамыздың құрдасы КазГЮИУ 20 жылға қадам басты.

Еліміздің жеткен жетістіктеріне КазГЮИУ ұжымы да өз үлесін қосып келеді. Тәуелсіз елдің еркін ойлы жас ұрпағын зияткерлік, рухани дамыту жолында еткен еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

Жастарымызды егеменді елімізді қастерлей білуге тәрбиелейік. Жаңа даму, өркендеу кезеңіне бет бұрдық. Болашағымыз жарқын болсын, Баршаларыңыздың отбасыларыңызға береке бірлік тілеймін.

Ізгі ниетпен, ректор Ш.Құрманбаева