Жаңалықтар

«Заң білімі саласында жаңа білім стандарттарын жетілдіру» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел

2017 жылғы 12 желтоқсанда Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті заң факультетінде «Заң білімі саласында жаңа білім  стандарттарын жетілдіру» тақырыбы бойынша халықаралық дөңгелек үстел өткізілді. Бұл дөңгелек үстелді қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы ұйымдастырды. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті және РФ Новосибирск қ. Новосибирск мемлекеттік техникалық университеті заң факультеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.  Дөңгелек үстелдің қатысушылары болып келесілері қатысты: КазГЮИУ ОӘЖ бойынша проректор, тех.ғ.д. Жарыкбасова К.С.; ЖБКжҒ орталығының директоры Гайнулина Ф.А.; НМТУ заң факультетінің деканы, қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, доцент, з.ғ.к. Поляков С.А.; НМТУ заң факультеті конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының доценті, э.ғ.к. Байльдинов Е.Т.; НМТУ заң факультеті конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының доценті, философ.ғ.к. Печурин И.В.; НМТУ заң факультеті қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Исаева О.А.; КазГЮИУ заң факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша КазГЮИУ және НМТУ арасында келісімнің негізінде 2017-2018 жж. оқу жылынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында  ары қарайда сыртқы академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру туралы резолюция қабылданды.

2