ЖаңалықтарРектор

Құттықтаймыз!

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің ректоры, саяси ғылымдар докторы, профессор, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Құрманбаева Шырын Асылханқызы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды.

«Парасат  орденімен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлері, сондай-ақ Республиканың рухани және интеллектуалдық әлеуетін дамыту мен молайтуға жеке зор үлесін қосқан немесе адам құқықтарын және оның әлеуметтік мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызмет еткен азаматтар наградталады» деп көрсетілген  ҚР Мемлекеттік наградалары туралы Заңының 15 бабында.

Құрметті Шырын Асылханқызы !

Лайықты наградаңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Зор денсаулық, табыс тілейміз.