Жаңалықтар

Тәуелсіздік күні қарсаңында

Еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!

Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай КазГЮИУ-де мерекелік кеш өтті.

Кештің барысында университеттің профессорлық оқытушылық құрамы, ұстаздар мен белсенді студенттері алғыс хатпен, оқу гранттарымен,университеттің өміріне белсене қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды. Марапаттау салтанаты артынан әдемі ән мен биге ұласты.