Жаңалықтар

Құттықтаймыз!

2017 жылғы желтоқсан айында біздің университеттің қызметкері Тлемісов Ұлан ҚР Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы бойынша Рединг Университеті (Англия) магистратурасының «Білім саласындағы менеджмент» мамандығының толық курсын сәтті аяқтап, магистрлік диссертациясын «өте жақсы» деген бағаға қорғап, «Өнер магистрі» академиялық дәрежесін алды.

Болашақта да шығармашылық табыстар тілейміз!