ЖаңалықтарЖастар Саясаты Орталығы

«Алаш бекзаты» атты жаңа туынды жарыққа шықты

26.12.2017 жылы Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінің докторанты, зерттеуші Садықова Раиса Төлеуқызының Алаштың саяси қайраткері, Алашорда үкіметі төрағасының орынбасары, Халел Хаббасұлының қызметі мен өміріне арналған «Алаш бекзаты» атты монографияның тұсаукесері өтті.

Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақ инновациялық гуманитарлық- заң университетінің докторанты, зерттеуші Садықова Раиса Төлеуқызының Алаштың саяси қайраткері, Алашорда үкіметі төрағасының орынбасары, Халел Хаббасұлының қызметі мен өміріне арналған «Алаш бекзаты» атты монографияның тұсаукесері өтті.

ХХ ғасырлдың басындағы Алаш Орда үкіметінің астанасы- Семей қаласында бүкіл қазақ коғамының көшбастаушысы болған Алаш ұлт-азаттық қозғалысының Алаш партиясының және оның үкіметі Алаш Орданың құрылғанына 100 жыл толып отыр.

Алаш арыстарының ең басты еңбегі- олар сол қиын уақытта толыққанды саяси партия мен үкімет құрып, өз халқының мүдделерін батыл қорғау жағына шыға алуында. Алаш қозғалысы заманалық маңызы бар құбылыс, оның идеялары мен бағдарламалары ұлттық мемлекеттікті қалыптастыруды мақсат етті. Ел тағдыры таразыға түскен сын сағатта Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер бастаған ұлт зиялылары қазақтың болашағы үшін шешуші қадам жасап, ұлы мұрат жолында ұланғайыр қайрат көрсетті. Алаш мұрасы- ордалы ортамызға тәуелсіздіктің орнауымен оралған мол тарихи, һәм рухани қазына.

Аталған шараға КазГЮИУ ректоры  Құрманбаева Шырын Асылханқызы, университет оқытушылары, музей ұжымы, зиялы қауым өкілдері, автордың әріптестері мен шәкірттері және БАҚ өкілдері қатысты.

IMG_0717IMG_0714 IMG_0715