Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Опубликовано 13.01.2018.

12.01.2018 ж. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің  Мәжіліс залында  Жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» (10 қаңтар 2018 ж.) атты  Қазақстан халқына Жолдауын талдау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға университеттің факультет декандары, кафедра меңгерушілері, профессорлық оқытушылық құрамы мен жастар саясаты орталығының белсенді жастары қатысты. Модератор  – Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, PhD докторанты  Базенов Айрат Базенұлы болды.

Дөңгелек үстел барысында  заң факультетінің  оқытушысы Бақтыбеков Мухтар Бақтыбекұлы  «Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажет?» тақырыбында баяндама оқып, жастардың сұрақтарына жауап берді.

Семей қаласының жастар ресурстық орталығы КММ  директоры Олжас Амангелдіұлы қала жастарымен атқарылатын алдағы жоспарымен бөлісті.