Жаңалықтар

ҚР ІІМ ҚАЖК мекемелеріне қоғамдық байқау жүргізу бойынша КазГЮИУ ЗФ ҚҚП кафедрасының қызметі

Опубликовано 16.01.2018.

2017 жылдың 17 сәуірінен 17 желтоқсан айы аралығында ШҚО қоғамдық байқау комиссия мүшелері  Е.К. Утебаев және  Р.Х. Темиргазин «Қадір-қасиет» ҚБ мен ГФР Үкіметінің арасындағы келісім-шарттың негізінде «Азаптауға қарсы (сотталғандармен заңсыз қатынасудың және азаптаулардың алдын алу)» туралы гранттық жобаны қаржыландыру бойынша мониторингтік қызмет көрсетті.  Мониторингті жүзеге асыру кезінде құқық қорғау органдары да өзара байланысты, олар:  ҚР Шығыс Қазақстан облысы Қылмыстық-атқару жүйесінің Комитеті, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы,  ҚР ШҚО прокуратурасы, Семей қ. Прокуратурасы, Семей қаласының қылмыстық істері бойынша №2 соты, ҚР Жоғарғы соты, ҚР Президент әкімшілігі.

Жобаны жүзеге асыру негізінде Семей қаласының, Бесқарағай, Бородулиха, Үржар және Қарауыл аудандық орталықтарының уақытша ұстау изоляторына, сонымен қатар, ОВ 156/14, ОВ 156/15 республикалық қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелеріне және  ОВ 156/16 республикалық қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне  барып қайтты. Мониторингті жүргізу кезінде бірнеше құқық бұзушылықтар анықталды және кейін олар жойылды. Қылмыстық істер бойынша қамаққа алынғандарға және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген сотталғандарға заң көмегі көрсетілді. Мониторингтің нәтижелері туралы Есебі тапсырыс берушіге берілді және кейінірек ҚР ІІМ ҚАЖК аппаратын хабарландырды.