Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан және Павлодар облысының мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары біліктілікті арттыру курстарын өтті

Опубликовано 18.01.2018.

Біліктілікті жетілдіру және мамандарды қайта даярлау институты 2018 жылдың 08 қаңтарынан 17 қаңтары аралығында келесі модульдер бойынша  колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдеріне арналған біліктілікті жоғарлату курстарын өткізді:

  1. «Жаңарту шеңберінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың ерекшеліктері»;
  2. «Биология пәнін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және қолдау. Теория және тәжірибе»;
  3. «Орта білім мазмұнын жаңарту процесі шеңберінде математикадан тесттік тапсырмаларды орындауға оқыту»;
  4. «Өзін-өзі тану-тұлғаның өзін өзі жетілдіруі»;
  5. «Ағылшын тілі сабақтарында тиімді тәсілдер мен әдістерді пайдалану».

Курсты университетіміздің тәжірибелі оқытушылары филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Қ. Тлебалдина; биология ғылымдарының докторы, профессор Р.А. Арынова; магистрлер, аға оқытушылар  Э.Т. Бахтинова, Г.Ж. Сарбасова мен А.А. Мусабаевалар өткізді.

Курстың негізгі мақсаты – жаңарту шеңберінде мұғалімдер мен оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру табылады.

Курсқа ШҚО, Павлодар облысының мектептері мен колледждерінің мұғалімдері мен оқытушылары қатысты.

Курсты оқыту барысында қашықтықтан оқыту технологиясы кеңінен қолданылды. Өскемен қаласы, Екібастұз қаласы, Риддер қаласы, Улан ауданы, Күршім ауданы, Бородулиха ауданы, Зырян ауданы мектептер мен колледж оқытушылары қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып көрді.

Курс қорытындысы бойынша сертификаттар тапсырылды.